-
 
Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға тірке| Кері байланыс  
 Сайт картасы  
     Жаңалық бөлімдері
>Атамекенде
>Шетелде
>Асарда
     Асар туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 70 жыл толуына орай сонда тұратын қазақ диаспорасына қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдады.

Уақыты: 2010-07-16
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 70 жыл толуына орай сонда тұратын қазақ диаспорасына қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдады.

Tоқсан мыңнан астам этникалық қазақтар мекендеген Баян-Өлгий аймағының экономикасы ауыр жағдайда. Биылғы жылғы метеорологиялық қиыншылықтар елді ауыр шығындарға ұшыратты. Баян-Өлгий аймағында орналасқан қазақ тілінде оқытатын 40 мектепте көптеген пәндерден оқулықтар жеткіліксіз.


Осыған байланысты Министрлікте жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар шығарумен айналысатын «Алматыкітап», «Атамұра» және «Мектеп» баспаларымен бірлесіп, құны бір миллион сегіз жүз жиырма мың бес жүз елу теңге тұратын 4709 дана оқу әдебиеттері Моңғолияның қазақ тілінде оқитын оқушыларына сыйлыққа беру үшін жинақталды.


Министрлік бұл оқу кітаптарын осы жылғы 14 шілдеде жүк машинасын жалдап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің қолдауымен Құланды және Ташанта кеден бекеттері арқылы Баян-Өлгийге жіберді.


www.edu.gov.kz

Пікір жазу үшін тіркелуіңіз керек!
Сайтымызға тіркеліп үлгермесеңіз осы жерден тіркеліңіз.
Осы тақырыпқа жазылған пікірлер


     Журналистер
Есенгүл
Бекен
Кәмшат
Асқар
Mesut
Kendebay
yesmhan
Kuat
Токтар
Saulebek
сәулебек
орал
> Басқа журналистер
     Соңғы сурет
 
 


  © Атамекен-Асар. 2007