-
 
Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға тірке| Кері байланыс  
 Сайт картасы  
     Жаңалық бөлімдері
>Атамекенде
>Шетелде
>Асарда
     Асар туралы

Елбасы Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығының жұмысымен танысты

Уақыты: 2010-06-10
Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығының жұмысымен танысты,

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы ағымдағы жылғы сәуір айында пайдалануға берілді. Бұл - республика бойынша атамекенге оралған қандастарға арналған алғашқы орталық. Мемлекеттік мекеме құрылысына республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге қаражат жұмсалған. Орталық 2 жеті қабатты жатақханадан және әкімшілік ғимаратынан тұрады. Жатақханалар 200 оралман отбасын 6 ай мерзімге уақытша қабылдауға есептелген. Онда қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтерлер және «Балапан» балаларға арналған шағын орталықтар бар. Коммуналдық қызметтер тегін көрсетіледі. Орталықта қандастарымызды көшіп келу квотасына енгізу, қазақ және орыс тілдеріне, қажетті кәсіби мамандыққа, Қазақстанның негізгі заңнамаларын оқыту, жұмыспен қамту, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға көмек көрсету тәрізді бейімделу қызметтері көрсетіледі.


Облыс әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысына 1991-2010 жылдары 27528 оралман отбасы немесе 99552 адам көшіп келді. ҚР Президентінің 2009-2011 жылдарға арналған Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылы облыс бойынша 2500 оралман отбасына квота белгіленген. Қаңтар-мамыр айларында көшіп келу квотасына 1168 отбасы немесе 4471 адам енгізілді.


ҚазАқпарат  /Ернұр Ақанбай /


http://inform.kz/kaz/article/2276574


 

Пікір жазу үшін тіркелуіңіз керек!
Сайтымызға тіркеліп үлгермесеңіз осы жерден тіркеліңіз.
Осы тақырыпқа жазылған пікірлер


     Журналистер
Есенгүл
Бекен
Кәмшат
Асқар
Mesut
Kendebay
yesmhan
Kuat
Токтар
Saulebek
сәулебек
орал
> Басқа журналистер
     Соңғы сурет
 
 


  © Атамекен-Асар. 2007