Қазақстан дағдарыс уақытына қарамастан, көптен бері шешілмей келе жатқан күрделі мәселелерді қолға алды. Бірде бір мемлекет мұндай қадамға барып отырған жоқ,-деді президент. Қазіргі таңда «Жол картасы» аясында 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Мектептер, ауруханалар және жолдар жөнделіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қалыпқа келтірілді. Президент министрге «Жол картасын» іске асырудың механизмдерін жетілдіріп, тек тиімді деген жобаларды іріктеуді тапсырды. Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген қаржының 63 пайызы игерілді. Сондай-ақ, министр «Нұрлы көш» бағдарламасының орындалуы жөнінде әңгімеледі. Мәселен, Шымкенттің іргесіндегі «Асар» мөлтекауданында салынып жатқан 575 үйдің жартысы пайдалануға берілді. Көкшетаудың қасындағы Красный Яр ауылында да «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 276 отбасына арналған тұрғын үй салынып жатыр. Бағдарлама Шығыс Қазақстан облысында да іске асып жатыр. Ендігі жылы Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы аталып өтеді. Министр президентке мерейтойға дайындық барысы туралы да баяндады.
"Хабар" телеарнасы
http://www.khabar.kz/index.cfm?id=88448