-
 
Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға тірке| Кері байланыс  
 Сайт картасы  
     Жаңалық бөлімдері
>Атамекенде
>Шетелде
>Асарда
     Асар туралы

Этникалық қазақтардың Атамекеніне оралуына ешқандай кедергі жоқ

Уақыты: 2009-07-01
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВАның "Айқын" гәзетіне берген сұхбатынан алынды

– Қазір елдегі үлкен саясаттың бірі – демографиялық өсім мәселесі. Бұған табиғи өсіммен қатар, шетелдерден Атамекенге түпкілікті қоныс аударып жатқан қандастарымыз да өзінше үлес қосуда. Сіз бір әңгімеңізде «Елдің көші-қон саясаты ең бірінші кезекте қазақстандықтардың көзқарасын қолдауға тиіс. Сол үшін де «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған шетелдік жұмыс күшіне бөлінетін квотаны 2 есеге дейін қысқарту қажет» деген екенсіз. Бұл жерде әңгіме нағыз шетелдік жұмыс күшіне қатысты ма, әлде оралмандарға ма? Егер оралмандарға қатысты болса, біз мұндай көзқарасымызбен олардың кеудесінен итергендей болмаймыз ба?

– Биыл өткен Ұлттық санақтың мәліметтері бойынша, елімізде халық саны 16,4 млн адамға жетті. Бұл өткен санақпен (1999 жылғы) салыстырғанда, 1,45 млн адамға көп, яғни халық саны 9 пайызға өскен.

Қазақстанның этникалық қазақтарды тарихи Отанына қайтару саясатын белсенді жүргізуі де халық өсіміне айтарлықтай әсер етті. Айталық, 1999 жылдан 2008 жылға дейін елге 150,9 мың оралман отбасы, яғни 597,2 мың адам көшіп келді, бұл республикадағы жалпы халық өсімінің 41 пайызын құрайды. Бұл жұмыс бұрын қалай жүргізілсе, алдағы уақытта да солай жалғасатын болады. Этникалық қазақтардың Атамекеніне оралуына ешқандай кедергі жоқ, қайта керісінше олардың саны артуда. Айталық, өткен жылы квота 15 мың отбасыға бөлінсе, биыл 20 мыңға көбейтіліп отыр. Сыртқы көші-қон саласында қашан да этникалық көші-қонның маңызы басым.

Заман талабына орай, мемлекеттің осы бағыттағы саясатын одан әрі жетілдіру аясында, Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес «Нұрлы көш» бағдарламасы әзірленіп, Үкіметтің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы №1126 қаулысымен бекітілді.

Биыл елімізге тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны өткен жылға қарағанда 2 есеге азайтылып, нақтырақ айтатын болсақ, 132,8 мыңнан кеміп, 63,5 мың адамды құрап отыр.

Айта кетер жайт, жоғары білікті мамандарды басым тарту, ішкі еңбек нарығын және жергілікті жұмыс күшін қорғау мақсатында Үкіметтің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №1242 қаулысымен «Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, квота берудің жаңа Ережесі» бекітіліп, 2008 жылғы 1 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді.

Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін, шетелден қоныс аударған отандастарымыз бен олардың отбасы мүшелерінің елге келу және азаматтық алу рәсімін жеңілдету; олардың жаңа тұрмыс жағдайларына бейімделуіне жағдай жасау, жайғасуға, көлік қызметтері мен жүк тасымалы ақысын төлеуге қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған біржолғы жәрдемақы төлеу және тағы басқа да әлеуметтік қолдау шаралары көзделеді.

Сөзімді қорытындылай келе, өзіңіздің «Шетелден келетін жұмыс күшінің санын кеміту оралмандардың көкірегінен итеру емес пе?» деген күдігіңізді толықтай сейілткіміз келеді.







http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=168&pub=24408


 


"Айқын" 01.07.2009

Пікір жазу үшін тіркелуіңіз керек!
Сайтымызға тіркеліп үлгермесеңіз осы жерден тіркеліңіз.
Осы тақырыпқа жазылған пікірлер


     Журналистер
Есенгүл
Бекен
Кәмшат
Асқар
Mesut
Kendebay
yesmhan
Kuat
Токтар
Saulebek
сәулебек
орал
> Басқа журналистер
     Соңғы сурет
 
 


  © Атамекен-Асар. 2007