-
 
Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға тірке| Кері байланыс  
 Сайт картасы  
     Жаңалық бөлімдері
>Атамекенде
>Шетелде
>Асарда
     Асар туралы

Павлодарда оралмандар үшін 2,5 мыңдай үй салуға ыңғайлы жер бар – Б.Сапарбаев

Уақыты: 2008-11-01
ПАВЛОДАР. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыста жұмыс сапарымен болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев павлодарлықтарды «Нұрлы көш» бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жоба этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударумен, қиын-қыстау кезеңде елімізден көшіп кеткен отандастарымыздың ТМД және алыс шетелдерден оралуына байланысты барлық проблемаларды кешенді шешуге мүмкіндік береді.



«Нұрлы көш» бағдарламасы елдің даму стратегиясын ескере отырып 60 мың оралманды Қазақстанның облыстарына жайғастыруды қарастырады. Оралмандар жұмыспен және баспанамен, ал олардың балалары балабақшамен және мектеппен қамтылады. Баспана салу үшін оралмандар жылдық 5 пайыздық үстемемен 15 жылға несие ала алады. Алғашқы жарна пәтер немесе үй құнының 5 пайызы деңгейінде белгіленген.



Павлодардың іргесінде орналасқан Ленинский кентіндегі жер телімі оралмандар үшін 2,5 мыңдай баспана салуға ыңғайлы жер деп санайды министр. «Мұнда инфрақұрылымға қажеттінің бәрі – көлік магистралі де, электр желісі де және су көзі де бар», дейді Б. Сапарбаев.


ҚазАқпарат


http://inform.kz/showarticle3.php?lang=kaz&id=215945

Пікір жазу үшін тіркелуіңіз керек!
Сайтымызға тіркеліп үлгермесеңіз осы жерден тіркеліңіз.
Осы тақырыпқа жазылған пікірлер


     Журналистер
Есенгүл
Бекен
Кәмшат
Асқар
Mesut
Kendebay
yesmhan
Kuat
Токтар
Saulebek
сәулебек
орал
> Басқа журналистер
     Соңғы сурет
 
 


  © Атамекен-Асар. 2007