Мемлкеттік тілді дамыту Президенттік қоры қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Уақыты: 2008-09-04
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтің төрағалығымен Мемлкеттік тілді дамыту Президенттік қоры қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңестің құрамында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ Төлен Әбдік, Мұрат Әуезов, Герольд Бельгер, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Шаханов сынды жазушылар мен қоғам қайраткерлері бар. Отырысқа аталған қордың директоры, Президент Әкімшілігінің бөлім жетекшісінің орыбасары Берік Әбдіғалиев қатысты.
«Мемлекеттік тілде әркім өз ойын еркін айта алатындай дәрежеге жетуіміз керек. Қазақ тілі ортақ қарым-қатынас тілі ретінде орнығуы қажет. Ол үшін алдымен өзіміздің көзқарасымызды өзгерту шарт. Бізде әдістемелік құралдар, таңдамалы оқыту бағдарламалары мен мұғалімдер бар, бірақ тілді қажетсінбейміз», деді Б. Әбдіғалиев.
Қор қызметі мемлекеттік тілді үйренем деушілерді ынталандыру жобаларын іске асыруға, тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталмақ. Тағы бір бағыты - мемлекеттік тілде шығатын БАҚ-ты дамытуға, сондай-ақ атамекеніне оралған отандастарға, шет елдердегі қазақ диаспорасына тілдік-рухани, тарихи-танымдық әдебиеттер мен басылымдарды тарату.
Егерконституциядақазақтілімемлекеттіктілдепжазылса, солмемлекеттіктілдібілугенормативқоюнегеконституцияғақарсыболуыкерек. РесейдеекіжылуақытберіледіРесейазаматтығыналуүшінорыстілінүйренуге. Германияға барғанда да солай, Израильге келсеңіз де сондай талап бар. Оның бәрі халықаралық құқықтың талабына сәйкес келеді екен де, біз сондай талап қойған кезде ол халықаралық құқықтың талабына, адамның конституциялық құқығына қарсы болады деген меніңще, қате пікір.
Берік Әбдіғалиев, Мемлекеттік тілді дамытуға арналған президенттік қордың директоры
Біз тілге байланысты көптеген жобаларды қолдауға, ынталандыруға гранттар, конкурстар, байқаулар ұйымдастырамыз, акциялар өткіземіз. Тіл комитеті үкіметтегі тіл институттарының жұмыстарын қайталамай, қоғамның жалпы жұртшылықпен ең басты жұмыс солармен жүргіземіз.