-
 
Бастапқы бет ретінде орнату | Жиі қолданымға тірке| Кері байланыс  
 Сайт картасы  
     Сұрақ/Жауап
>Көші-қоң
>Оралмандарға
>Оқу/Білім
>Экономика
>Жалпы сұрақтар
>Заң
>Ден саулық
     Асар туралы

  Оралман деген кім?
  Оралман мәртебесін қалай алу керек?
  Оралман мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар
  Оралман мәртебесін анықтау процедурасы туралы қысқаша
  Оралман мәртебесі не береді?
  Оралман мәртебесінің жойылуы
  О ралмандармен тең дәрежедегі туыстары
  Иммиграция квотасы туралы
  Иммиграция квотасын кірмейтін тұлғаларға берілетін жеңілдіктер
  Иммиграция квотасы бойынша келген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер

 Оралман деген кім?

 Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы № 204 « Халықты миграциялау туралы » Заңның 1- бабына сәйкес оралман дегеніміз ұлты қазақ азаматтығы жоқ , Қазақстанда тұрақты мекендеуге келген шетелдіктер болып табылады .. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің миграциялық комитетінің мәліметі бойынша , Қазақстанның бірінші онжылдығында тарихи отанына оралғандар саны 60 мың қазақ отбасын құраған . 230 мыңнан астам басқа елдерден келген адамдар баспана алып , көлік шығындары мен жәрдемақы төлемдері төленді . Жергілікті атқару органдар , кәсіпорын жетекшілері мен ұйымдар айтарлықтай көмек көрсетті , көрсетіп жатыр . Оралмандар басқа иммиграция субъектілері сияқты Қазақстан республикасы территориясына тұрған күннен бастап бес күн ішінде тіркелуі тиіс . Тіркеу жеке куәлігі арқылы жүзеге асырылады . Жеке басын куәландыратын құжаттар қатары мен тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі .

 Оралман мәртебесін қалай алу керек?

 Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы № 204 « Халықты миграциялау туралы » Заңының 14- бабына сәйкес оралмандықты мойындау туралы қолдау хат отбасының жасы кәмілетке толған мүшесіне немесе Қазақстан республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдік , консулдық мекемелер өкілдері арқылы беріледі . Оралман мәртебесін алғандығы туралы қолдаухатты қарау оралман иммиграциясы квотасына кіргізу , сонымен қатар сол мәселені шешу тіркеуге тұрғанна кейін екі ай ішінде территориялық миграция және демография қызметінде жүзеге асырылады . Оралман болып табылған тұлғаларға бекітілген үлгідегі куәлік беріледі . Оралман куәлігі заңмен қарастырылған жеңілдіктер мен өтемақылар алуға негіз бола алады .

 Оралман мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар

 ралман мәртебесіне қолдау хат берген тұлғалар өкілетті миграциялық органның территориялық қызметіне келесі құжаттарды ұсынуы тиіс : Оралман мәртебесін көрсететін қолдау хат ; Қолдаухат тұлғасы мен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерін куәландыратын ( паспорт , жеке куәлік , туу туралы куәлік , неке туралы куәлік және тб ); Қазақстан территориясынан тыс жердегі ата - анасының туған жылдарын анықтайтын , репрессия жылдары Қазақстан территориясынан кеткендігін анықтайтын және басқа да құжаттар ( Қазақстан Республикасының шетелге шығу жөніндегі мемлекеттік компетентті органдары немесе дипломатиялық өкілеттіліктер құжаттары

 Оралман мәртебесін анықтау процедурасы туралы қысқаша

 

Оралман мәртебесін анықтау мен бекіту процедурасына мыналар қажет :

  • бекітілген формадағы анкетаны толтыру;
  • Анкетада көрсетілген мәліметтердің растығын байқау мақсатында қолдау хат берушімен әңгімелесу;
  • Қолдау хат иесінің оралман мәртебесін мақұдау туралы немесе ондай мәртебенің қажетсізідігі жөніндегі дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдау.

Тұлғалардың оралман деп тану туралы шешім құжаттарды тіркегеннен кейін 30күн ішінде өкілетті органның территориялық қызметіне сәйкес қабылданады. Оралман мәртебесіне ие болған тұлғалар бұрынғы тұрған отанына қайта орала алады (Нұсқаудың 4 бөлімнің 15 пункті).

http://www.enbek.kz/kaz/tips/tipsdetail.php?recordID=114 -дан алынды.

 



 Оралман мәртебесі не береді?

 

Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады .
Ондай жеңілдік түрлері мыналар:

  • Жұмысқа орналауға, біліктілікті арттыруға,. Жаңа мамандық алуға көмектесу;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметінен босату;
  • Орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;
  • Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;
  • Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;
  • Бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың хұқын жаңғырту;
  • Қазақстан республикасын кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан босату;
  • Заңнамаға сәйкес кепілденге көлемдегі тегін медициналық көмек алу;
  • Қазақстан республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік көмек көрсету;
  • Кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;
  • Тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (соның ішінде сиыр);
  • Келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат бөлу.

http://www.enbek.kz/kaz/tips/tipsdetail.php?recordID=114 -дан алынды.



 Оралман мәртебесінің жойылуы

 

Оралман міртебесі Қазақстан республикасы азаматтығын алғаннан кейін жойылады .



 О ралмандармен тең дәрежедегі туыстары

 

«Халықты миграциялау туралы»  Заңға сәйкес оралмандармен тең дәрежедегі туыстары болып мыналар саналады:

  • балалары (соның ішінде асырап алынғандар);
  • Оралман жолдасы (әйелі);
  • Оралманның ағалар мен әпкелері;
  • Оралманның қандас туыстары мен олардың отбасы мүшелері;
  • Оралманның немересі мен шөбересі;
  • Кәсілет жасқа толған білімді отбасы мүшелері, немерелері мен шөберелері.


 Иммиграция квотасы туралы

 

Этникалық қазақтарды Қазақстан жеріне орналастыру процесі екі жолмен жүзеге асырылады :

  • Оралмандардың иммигарция квотасы бойынша;
  • Оралмандардың иммиграция квотасынан тыс.

«Халықты миграциялау туралы» Заңға сәйкес Қазақстан республикасының Президенті жыл сайын басқа елден оралатындар отбасыларының саны анықталып, оларды қарсы алу кезіндегі шаралар ұйымдастырылып, оларды орналастыру аймақтары анықталғанда, оларға берілетін жеңілдік жүйесін анықтап, оралмандар иммиграциясы квотасын бекітеді.
Оралмандар иммиграциясы квотасына толықтырулар мен өзгертулер енгізу Қазақстан Рсепубликасы Президентінің айрықша құзыреті болып табылады.



 Иммиграция квотасын кірмейтін тұлғаларға берілетін жеңілдіктер

 

« Халықты миграциялау туралы » Заңға сәйкес республикаға тұрғылықты мекендеуге келген тұлғалар квота бойынша немесе квотадан тыс екеніне қарамастан оралман мәртебесін алады .
Оралман мәртебесін алған тұлғаларға мемлекет мынадай жағдай жасайды:

  • Арнайы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектікке жәрдемақы және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы мен жас бойынша зейнетақы төлейді;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген квотасына сәйкес орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге;
  • Қазақстан Республикасына кіруге виза беру консулдық таңдауынан босату;
  • Қарулы күштер қатарында қызмет етуден босату.

Бұдан басқа , жергілікті атқарушы органдар тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуды қамтамасыз етеді, мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасуға көмектесу, біліктілігін арттару мен жаңа мамандық алуға, мектептерде, мектепке дейінгі және әлеуметтік көмек көрсететін, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау.



 Иммиграция квотасы бойынша келген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер

 

Иммиграциялық квота бойынша келген оралмандар квотаға жатпайтын оралмандардан ерекшелігі бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер мен төлемдер беріледі :

  • Кеден төлемдері мен салықсыз шекарадан өту ;
  • Тұрғылықты мекендеуге және мүлкін өткізуге кететін шығындарды өтеу ;
  • Баспана алуға және бірреттік жәрдемақы төлеуге қаржы бөліну .
  • Сонымен қатар қосымша төлемдер республикалық бюджет есебінен бөлінеді.


     Журналистер
Есенгүл
Бекен
Кәмшат
Асқар
Mesut
Kendebay
yesmhan
Kuat
Токтар
Saulebek
сәулебек
орал
> Басқа журналистер
     Соңғы сурет
 
 


  © Атамекен-Асар. 2007